"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мен барлық ұстаздарға былай ғибрат етемін: балалардағы білімге деген талап, ынта, құштарлық отын сөндіріп алмаңдар. Еңбек қуанышы еңбеккер адамның мақтаныш сезімін осы оттың тұтанар бірден-бір көзі.

В.А.Сухомлинский

СҚМУ студенттері «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша X республикалық олимпиадаға қатысты

2019 жылғы сәуірдің 18-19 аралығында Өскемен қаласында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өткен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша X республикалық студенттер пәндік олимпиадасына оқу орнымыздан «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 3 курс студенттері Досан Зере, Каюмова Шохсонам, Қондыбай Айжамал, Тоқтамуротова Айгерім қатысты.

Пәндік олимпиадаға еліміздің 19 оқу орнының командалары қатысып, 4 байқау бойынша сыналып, міндетті компонент пәндері бойынша тестілеуден өтті.

Байқаулар қорытындысы бойынша М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің «Smart СҚМУ» командасы «Сенің мүмкіндігің» интеллектуалдық марафоны бойынша ең үздік команда деп аталып, мадақтау қағазымен марапатталып, міндетті компонент пәндері бойынша тестілеуден 3 орынға ие болды.

29.04.2019