"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті грэпплинг бойынша турнирдің жеңімпазы атанды

2019 жылдың 30-31 наурызында Қостанай қаласында балалар, жасөспірімдер және ересектер арасында грэпплинг бойынша ашық облыстық турнир өтті. 71 келі салмақ дәрежесіндегі сында жеңімпаз атанған Дулат Айтжанов, ММА бойынша СШҮ және күрес бойынша спорт шебері болып табылады. Біздің ЖОО-да студент "Жалпы медицина" білім беру бағдарламасы бойынша оқиды.

Соңғы жылдары ММА және грэпплинг бүкіл әлемде жаппай танымал. Спорттық күрестің бұл түрі-  октагонда жауынгер үшін басты, міндетті базалық техникалардың бірі. Ол көптеген спорттық пәндердің: дзюдо, джиу-джитсу, самбо және еркін күрестің техникалық тәсілдерін жақсы меңгерген.

03.04.2019