Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Университетте «Тілдерді білу – қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі факторы» атты аймақтық полиглоттар байқауы өтті

2018 жылдың қарашаның 23-і М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да жоғары және арнайы орта оқу орындары студенттері арасында «Тілдерді білу – қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі факторы» тақырыбында аймақтық полиглоттар байқауы өтті. Аталмыш шара тіл және әдебиет институтында ұйымдастырылды.

Сайысқа құрамы 3 студенттен тұратын 6 команда ат салысты. Олар: Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты, ҚР Ұлттық ұланның Әскери институты, Солтүстік Қазақстан медициналық колледжі, Гуманитарлық техникалық колледж, Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі мен СҚМУ студенттері.

Полиглоттар байқауы 5 кезеңнен тұрды. 1-шісі «тұсаукесер» деп аталды, онда әрбір команда өздерін таныстырды. «Кім жүйрік» 2-ші кезеңде командаларға 3 тілде сұрақтар қойылды. 3-ші айналымда студенттер үш тілде берілген өлеңдерді мәнерлеп оқыды. 4-ші «полиглот» кезеңінде қатысушылар мақал-мәтелді толықтырып, сол сөзді 3 тілде жазды. Ал соңғы додада  әрбір топ «Рухани жаңғыру» мақаласынан берілген үзіндіге пікір білдірді.

Шараның негізгі мақсаты – жастар арасында  көптілділікті рухани құндылық ретінде насихаттау, оларды толерантылыққа, мәдениаралық коммуникациялық құзыреттілікке тәрбиелеп, тіл үйренуге ынталандыра түсу.

Сайыстың нәтижесі бойынша 3 орынды ҚР Ұлттық Ұлан Әскери институты иеленді, 2-ші орынмен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ марапатталды. Ал жеңімпаз болып  Б. Әшімов атындағы Петропавл теміржол көлігі колледжі атанды.

26.11.2018