Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың студенттеріне тұмауға қарсы екпе егу басталды

2018 жылдың 6-нан 8-ші қарашаға дейін университетіміздің дәрігерлік пунктында студенттерге тұмауға қарсы екпе салдыру басталды. Екпені Петропавл қаласының №3 қалалық емханасының медбикелері салады.

Студенттерге екпе салдырудың алдында оларды №3 қалалық емханасының терапефт-дәрігері Гүлнар Есманова тексеріп, оларды тіркейді де екпе салдыруға жібереді.

Дәрігерлік пунктінің бас дәрігері Салтанат Сақтағанованың айтуынша: «Студенттер бұл екпенің тұмау ауруына қарсы екенін біліп, барынша келіп, екпені салдыртып жатыр.  18 жасқа толмағандар ата-анасының рұқсатын алыпта келіп жатыр.»,- дейді.

Білім алушылар бұл екпені жыл сайын салдыртады екен. Олардың айтуынша «Пайдасы зор, оны салдырғаннан кейін ауырмаймыз»,- дейді. Бұл екпе тек студенттерге ғана қойылады және ең бастысы тегін. Жалпы биыл екпені 200-ге жуық студент салдырды.

09.11.2018