"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.

Ахмет Байтұрсынов
Факультеттер жаңалықтары
МФ: Начало сессии

17.12.2025 на медицинском факультете НАО СКУ им.М.Козыбаева началась экзаменационная сессия. С целью укрепление принципов академической честности, про әрі қарай оқу

ТЭҚФ: СҚО Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясы аясында ТЭжҚФ-тің студенттерге дәріс өткізді

2025 жылдың 2 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті "Заң және тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында студенттерге дәріс ө әрі қарай оқу

МФ: На факультете состоялся круглый стол со студентами посвящённый надлежащим аптечным практикам (GPP)

На факультете прошёл круглый стол со студентами 5 курса фармацевтического профиля на тему «Надлежащие аптечные практики: цели, задачи и подходы к реал әрі қарай оқу

Барлығын оқу

Күміс университет

«Күміс университеті» – бұл үздіксіз білім беру аясындағы жоба. Жоба 50 жастан асқан Қазақстан азаматтарына арналған. Мақсаты – тыңдаушыларға теориялық және практикалық білім, кәсіби дағдылар мен құзыреттер беру.

«Күміс университеті» М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың Үздіксіз білім беру институты базасында жұмыс істейді.

«Күміс университетінің» негізгі мақсаты – тыңдаушыларға білім мен дағды беріп, олардың кәсіби дамуына көмектесу.

«Күміс университетінің» негізгі міндеттері:

1) Тыңдаушылардың өзін-өзі дамытуына, шығармашылық қабілеттерін ашуға қолайлы жағдай жасау;
2) Тыңдаушыларды жаңа кәсіби дағдыларға үйрету, қазіргі өмірге бейімделуге көмектесу, соның ішінде заманауи техника мен ақпараттық технологияларды меңгеру;
3) Салауатты өмір салтын насихаттау, тыңдаушылардың дене белсенділігін арттыру;
4) Тыңдаушылардың қарым-қатынас жасау дағдыларын жақсарту, құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру.

«Күміс университетінде» оқуға қатысты маңызды ақпарат


«Күміс университетінің» тыңдаушысы өз еркімен оқудан шығуға құқылы.
«Күміс университетінде» оқу тегін жүргізіледі.
Оқу жылы 1 қыркүйектен 1 маусымға дейін жалғасады.
Курстарды аяқтағаннан кейін біліктілікті арттыру сертификаты беріледі.

Жобаға қатысу не береді:

Жаңа дағдылар мен құзыреттерді дамыту

Заманауи технологияларды меңгеру

Дене белсенділігін қолдау

Қарым-қатынас пен өзіндік сенімділікті арттыру

Қалай қатысуға болады?

  1. Қызықты курс таңдаңыз

  2. Телефон арқылы хабарласыңыз: +7 (7152) 493233, ішкі 2080 немесе +7-777-139-86-79

  3. 1 қыркүйектен бастап оқуды бастаңыз!

Маңызды: «Күміс университетінде» оқу 50 жастан асқан барлық азаматтар үшін толығымен тегін!

 

«КҮМІС УНИВЕРСИТЕТІНІҢ» КУРС ТІЗІМІ

Yoga

ЙОГА

Health and Physical Wellness

САУЫҚТЫРУ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУЫ

Vocal

ӘН АЙТУ (ВОКАЛ)

Computer and Digital Literacy

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

Situational Kazakh Language

ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Travel Journalism

САЯХАТ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ

Introduction to Artificial Intelligence

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТКЕ КІРІСПЕ