2025 жылғы 12 қарашадан бастап М.Қозыбаев атындағы СҚУ медицина факультетінде визитинг-профессор, кәсіптік Милан университетінен Claudio Colosio медиц әрі қарай оқу
Сөздәйектер галереясы
Оқусыз білім жоқ, Білімсіз күнің жоқ.
Факультеттер жаңалықтары
19.11.2025 жылы медицина факультетінде «Манаш Қозыбаевтың ғылыми және адамгершілік ұстанымы ретінде патриотизм» атты дөңгелек үстел өткізілді. Қатысу әрі қарай оқу
Круглый стол «Роль Манаша Козыбаева в развитии гуманитарного образования в Казахстане», посвящённый дню рождения выдающегося казахстанского учёного-гу әрі қарай оқу
2025 жылдың 13 қарашасында Ин6-ВОП-24к тобында «ВИЧ инфекциясының алдын алу мәселелері» тақырыбында кураторлық сағат өтті. Іс-шараны «Клиникалық пәнде әрі қарай оқу
Биомедициналық зерттеулердегі этика: Италиядан келген профессор Клаудионың дәрісі Медицина факультетінде халықаралық ынтымақтастық аясында Claudi әрі қарай оқу
Кеше, 2025 жылғы 31 қазанда Астанада "Қазақстан — академиялық білім беру аумағы" халықаралық стратегиялық әріптестер форумы өтті, онда Қазақстан Респу әрі қарай оқу
2025 жылғы 28 тамызда 2 корпустың конференц-залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған маңызды іс-шара өтті. Дөңгелек үстел әрі қарай оқу
2025 жылғы 30 маусымда Тарих, экономика және құқық факультетінде осы оқу жылында факультет кеңесінің қорытынды отырысы өткізілді. Кеңесте факультет жұ әрі қарай оқу
2025 жылғы 26 маусымда «Сервис-ЖАРС» ЖШС (Қызылжар ауданы, СҚО) өндірістік танаптарында «Солтүстік Қазақстанның орман-дала аймағындағы жайылымдардың ө әрі қарай оқу
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиетинституты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2025 жылдың 19 маусымында көрнекті әрі қарай оқу
Агротехнологиялық факультеттің Даму тарихы
2018 жылдың 1 қыркүйегінде жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары факультетінің қайта құрылуымен Агротехнологиялық факультеті құрылып, құрамына «Азық-түлік қауіпсіздігі» және «Агрономия және орман шаруашылығы» кафедралары кірді.
Факультет ауыл шаруашылығы бағытындағы әртүрлі салалардың бакалаврлары мен магистранттарын дайындайды.
Факультет түлектері өз қызметін ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік мекемелерінде, сондай-ақ өсімдік және мал шаруашылығы бағытындағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында, жобалау және ғылыми-зерттеу мекемелерінде жүзеге асыратын болады.
«Агрономия және орман шаруашылығы» кафедрасына агробиологиялық станция (Петропавл қаласынан 6 км, жалпы ауданы 6 га) бекітілді, оның базасында солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен (ҚХР) Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде «Агротехнопарк» ашылды, онда шетелдік ғалымдармен бірлесіп ПОҚ және білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады, ауыл шаруашылығы мамандықтары студенттерінің оқу практикасы жүргізіледі.
Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты және облыстың жетекші ауыл шаруашылығы құрылымдары базасында бекітілген кестеге сәйкес білім алушылардың оқу сабақтары өткізілетін Агротехнологиялық факультет кафедраларының бөлімшелері жұмыс істейді.
Факультеттің жұмыс істеуі барысында басым бағыттар: теориялық дайындықтың жоғары сапасы, аймақтың қажеттіліктерін есепке алу, оқытудың практикалық бағыты, жақын және алыс шетелдердің ұйымдары мен жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық, сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту, қос дипломды білім беру, оқытушылар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы болды.
Оқытушылардың, магистранттардың және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы ҚР АШМ, Егаѕмuѕ + халықаралық бағдарламалары мен гранттары және шаруашылық келісімшарт және бастамашылық тақырыптар шеңберінде орындалады.
ПОҚ және білім алушылар өздерінің ғылыми зерттеулері мен практикалық жұмыстарын Солтүстік Қазақстан облысының ауылшаруашылық құрылымдары: «Арқалық» ШҚ, «Мәмбетов и К» КС, «Аби-Жер» ЖШС, «Шағала Агро» ЖШС, «Леонов и К» ШҚ, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы институты» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС негізінде орындайды, өйткені бұл құрылымдар факультет кафедраларының әлеуметтік серіктестері және бөлімшелері болып табылады.
ЛОГО одағымен (ауыл шаруашылығы және экологиялық тепе-теңдік, Германия) және «Agros» компаниясымен (Польша) шетелдік практикалар мен білім алушылар мен ПОҚ тағылымдамаларын ұйымдастыру саласындағы ынтымақтастық тиімді іске асырылуда.
