"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

В.А.Сухомлинский

Олимпиада жүлдегерлері

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университетінің базасында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық аясында «Мал шаруашылығы бойынша қашықтық олимпиадасы – 2021» өткізілді. Олимпиаданың мақсаты ең дарынды, талантты студенттерді анықтау және кәсіби құзыреттілікті одан әрі жетілдіруге қызығушылықты арттыру болды. «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» білім беру бағдарламасының «Азық-түлік қауіпсіздігі» кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды: Умарова Ақдана – 1 орын, Березный Петр – 2 орын, Савченко Татьяна – 3 орын. Команда жетекшісі: Иль Дмитрий Евгениевич. 

17.05.2021