Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
Алғыс айту күні
Алғыс айту күні
#ЖүректенШыққанРизашылық
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Университетінің «Foundation» факультетінде 2021 жыл 27 ақпан күні ZOOM платформасында 1 наурыз — Алғыс айту күніне орай дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға жауапты тарих пәні оқытушысы Жамантиков Дархан Маратович.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жыл 14 қаңтарындағы №173 Жарлығы негізінде 1 наурыз—Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай Алғыс айту күні болып жарияланды.
Факультетіміздің тыңдаушылары Қытай, Өзбекстан, Моңғолия қазақтарының салт —дәстүрі туралы дайындаған мәліметтерімен бөлісіп, өнерлерін көрсетті. Өз пікірлерін алғыс айтып түйіндеді.

