Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
Білім ордамызда интерндердің бекіту рәсімі өтті
Қозыбаев университетінде 7 курс интерндерінің жұмыс берушілермен кездесуі өтті. Қала мен облыстағы 12 медициналық мекеменің бас дәрігерлері, сондай-ақ СҚО бойынша денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бос жұмыс орындары туралы айтып берді. Ұсынылған нұсқалардың ішінен студенттер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын таңдай алды. Бүгінде облысымызда жоғары медициналық білімі бар кадрлар жеткіліксіз. Жас мамандарға толық әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Жіктеу рәсіміне 22 интерн қатысты. Оның 9-ы ауылдық квота бойынша, 10-ы мемлекеттік грант бойынша және 3-уі ақылы бөлімде оқиды. Нәтижесінде олар 3 қалалық емханаға, "Денсаулық" ЖКМ, Қызылжар, Аққайың аудандық ауруханаларына және т.б. бөлінді. Жұмысқа орналастыру туралы үш жақты шарттар жасалды.
Айта кетейік, студенттер 26 сәуірге дейін білім алып, содан кейін олар ЖОО-да емтихан тапсырады, ал маусым айында Ұлттық Тәуелсіз емтихан орталығында қорытынды аттестаттаудан өтеді. Қозыбаев университеті жоғары медицина мектебінің интернатурасын аяқтағаннан кейін аталған түлектер жалпы практика дәрігерінің дипломына ие болады және емханалар мен ауруханаларда өз міндеттерін атқара алады.