Сөздәйектер галереясы
...Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады.
Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани
Қуанышты жаңалық!
«Bilim-orkenieti» ұлттық-инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елдің көшбасшы жастары» атты республикалық байқау өткен болатын. Байқау мақсаты, міндеттері: Қазақстан Республикасының көшбасшы жастарының арасында байланыс орнату, оқушылар мен студенттердің зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту, жастардың бойында патриоттық сезімді ұялатып, отанға деген құрметтерін күшейту. Нәтижесінде ТПП-17-2-қ тобының студенті Ақылбеков Чингизхан Нұрланұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!
Кафедра ақ
01.03.2021
