"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.

Цицерон

Өшпес мұра

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті «Журналистика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ақмола губерниялық «Бостандық туы» газетіне 100 жыл» атты ZOOM платформасында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталмыш іc-шараға акедемик, М. Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры Зарқын Тайшыбайұлы, «Журналистика» кафедрасының меңгерушісі Айсұлу Жақсылыққызы, кафедра оқытушылары Гүлгүл Қуатқызы, Ашекей Жұмағұлова, Нұргүл Қарасайқызы, облыстық «Солтүстік Қазақстан» газетінің редакторы Ербақыт Амантайұлы, Нұр-Сұлтан қаласы «Астана Ақшам» газетінің шеф-редакторы Төлен Төлеубай құрметті қонақ болып өз тәжірибелерімен бөлісті. «Журналистика» кафедрасының магистранты Айсара Шалабаева, 2-курс студенттері Сержан Нұртолқын, Мақпал Ерғалиева баяндама жасады. Конференция барысында Зарқын Тайшыбайұлы қазақ басылымдарының бүгінге дейін тұнба тарихымен «Кедей сөзі» газетінің «Бостандық туы» газетіне өзгерту туралы жан-жақты құнды мағлұматтарымен бөлісті. «Солтүстік Қазақстан» газетіңінің бас редакторы Ербақыт Амантайұлы «Кедей сөз», «Бостандық туы», «Кеңес ауылы», «Ленин газеті» және де «Қызылжар» газетінің ХХ-ғасырдан бастап жазылған құнды деректердің барлығын заман талабына сай етіп кітап шығару керектігін тілге тиек етті. Шараға «Журналистика» мамандығының 1, 2, 3-курс студенттері қатысты.

Кафедра жжәғ
22.02.2021