Сөздәйектер галереясы
Егер біздің қоғам дұрыс ұйымдастырылған болса, онда ғылымдардың ішіндегі ең маңыздысы педагогика болар еді, ал оның мақсаты әр балада өзіне тән және тек оған ғана тән асыл дарынын тауып, дамыту болар еді.
«Мал шаруашылығында және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде инновациялық және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану»
«Азық - түлік қауіпсіздігі» кафедрасында ПОҚ мен студенттердің қатысуымен «Сапа-2020 апталығына» арналған «Мал шаруашылығында және мал шаруашылығы өнімдерін өңдеуде инновациялық және энергия үнемдейтін технологияларды қолдану» атты дөңгелек үстел өтті. Талқылау барысында мал шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің негізгі технологиялық процестеріне цифрландыруды енгізу бойынша жаңа трендтер қозғалды.
Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыру және сапалы өнім алу осы саладағы инновациялық ғылыми әзірлемелерге тікелей байланысты деген ортақ пікірге келді.
