Сөздәйектер галереясы
Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...
Дефектология пәнінен XII Республикалық олимпиаданың қорытындысы белгілі болды
М.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті базасында жоғары оқу орындары арасындағы "Дефектология" пәні бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Шараның мақсаты- студенттердің дефектология саласындағы ғылыми қызығушылығы және танымдық ынтасын арттыру.
Қозыбаев университеті намысын пәндік олимпиадада ДФ-18к тобының студенттері Шолпан Валеева, Аяулым Досымбетова, Жеміс Өтегенова қорғады. Білімгерлер байқауына қыздарды оқу ордамыздың «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Айзат Кельдегулова дайындаған.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша біздің студенттер жүлделі II орынға қол жеткізді. Осы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!