Сөздәйектер галереясы
Тәрбиелеуде мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ. Бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні онан да маңыздырақ. Мұғалімдер, міне, осынысымен бағаланады.
ЖОО-да АРТА сыртқы сараптау комиссиясы өз жұмысын жалғастыруда
Екінші күні аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің сарапшылары студенттермен, магистранттармен және докторанттармен онлайн – сұхбат, сондай-ақ тоғыз кластердің аккредиттелетін білім беру бағдарламалары бойынша оларға сауалнама жүргізді.
Кафедра құжаттарымен жұмыс жасап, кесте бойынша ПОҚ қашықтықтан сабақтарға қатысты. Сонымен қоса, сарапшылар ZOOM платформасындағы бейнеконференция режимінде тәжірибе базаларына барып, жұмыс берушілермен және түлектермен әңгімелесті.
Мұның барлығы ЖОО-да оқытудың барынша объективті көрінісін және еңбек нарығында мамандардың қажеттілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл Қозыбаев университетінде білім беру процесін одан әрі жетілдіру үшін ұсыныстар жасауға көмектеседі.