"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!

Қ.Мырзалиев

Университеттің ПОҚ және әкімшілік құрамына арналған семинар

Kozybayev University профессор-оқытушы құрамы және академиялық қызметкерлері "Жаңа контексте оқу үдерісін ұйымдастыру және білім беру бағдарламаларын әзірлеу" атты оқыту семинарына қатысты. Оның аясында екі күн бойы бірқатар онлайн дәрістер өткізілді. Оларды 150-ге жуық адам тыңдаған.

Спикер ретінде Astana IT University cтратегия және сапаны қамтамасыз ету жөніндегі проректоры, Erasmus+ жоғары білімді реформалау бойынша сарапшылар ұлттық командасының Бақылау кеңесінің төрағасы Серік Өмірбаев сөз сөйледі.

Ол әріптестеріне пандемия жағдайында оқу процесін ұйымдастыру, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезеңдері, қағидаттары мен құрылымы, олардағы оқыту нәтижелерінің сипаттамасы туралы айтып берді. Педагогтер үшін ББ-да дескрипторларды (бағалаудың сапалы критерийлері) практикалық қолдану тақырыбы маңызды болды.

Мамандарды сырттан жұмылдыру оқытушылар құрамының құзыретін арттыруға ықпал етеді, тәжірибе алмасуға және студенттерді оқытуда жаңа технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.

25.09.2020