"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылым білімге қонады; ғылымсыз білім тым құрғақ.

Жүсіпбек Аймауытов

Конституция күніне арналған онлайн шара

Білім ордамыздың оқытушылары арасында ҚР Конституция күніне арналған «Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекеттілікті одан әрі дамыту мен нығайтудың негізі» атты онлайн-дөңгелек үстел Zoom платформасы арқылы өтті.

Дөңгелек үстелдің ашылу рәсімін модератор, заң ғылымдарының магистрі Анар Оспанова кіріспе сөзбен ашты. Университетіміздің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Ақмарал Ыбыраева барша қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, іс-шарада университеттің құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен студенттері сөз сөйледі. Олардың баяндамалары білікті заң көмегін алуға конституциялық құқыққа, Конституцияның қазіргі мемлекеттегі адам құқықтарын қорғаудағы рөліне арналды. Сондай-ақ, спикерлер еліміздің басты заңы қоғамды жаңғыртудың негізі және қуатты мемлекет құрудың іргетасы болып табылатынын атап өтті.

28.08.2020