Сөздәйектер галереясы
Ештеңені білмейтін, ештеңені білуге талпынбайтын адамның жағдайы қиын. Өйткені оның бойында екі кесел бар: бірі-топастық, екіншісі-жалқаулық.
«Latyn-karaoke» - 2020 облыстық дистанциялық ән байқауы өтті
Латын әліпбиіне көшу бағдарламасының негізгі ережелерін іске асыру шеңберінде "Latyn-karaoke" - 2020 облыстық дистанциялық конкурс өтті. Шараны М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дың «Музыкалық пәндер» кафедрасы онлайн режимде ұйымдастырды.
Байқау СҚМУ студенттері, жалпы білім беру мектептің оқушылары, колледж студенттері және мәдениет ұйымдарында жұмыс жасайтын облыс жастары арасында өткізілді. Сайыста барлығы 23 әнші сынға түсті.
Қала мен облысқа танымал әншілер түрлі жанрда ән шырқады. Олар туындыны алдын ала орындап, видео ретінде конкурсқа жіберген. Атап өткен жөн, қатысушы студенттердің дайындығы жоғары дәрежеде болған. Қазылар алқасы әр әнді, әнші образын сезініп, дене түршігерліктей әсер алды.
Байқаудың нәтижесі бойынша «Музыкалық пәндер» кафедрасының 4 курс студенті Іліяс Қадырбай жеңімпаз атанды. I дәрежелі лауреат атағы «Музыкалық пәндер» кафедрасының келесі студенттеріне берілді: Нуралтын Нурболатова, Бүркіт Жанай, Айгерим Жақсылыққызы, Динара Сураганова, Данияр Кустанов, Дидар Жулдасбеков және «Өнер колледжі — музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» студенті Дария Рамазановаға, Нұр-Сұлтан қаласының оқушысы Гүлназ Таржановаға.
Ал басқа байқауға қатысушылар II, III дәрежелі лауреатқа ие болды.