Сөздәйектер галереясы
Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді.
Шоқан Уәлиханов
«Халықаралық тәжірибе негізінде университет түлегінің кәсіптік құзыреттілігін заманауи талаптарға сәйкестендіру барысында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының білім беру бағдарламаларын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар.
2019 жылдың 5 желтоқсан күні сағат 15-00-де №5 оқу ғимаратының 312 аудиториясында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ- де «Халықаралық тәжірибе негізінде университет түлегінің кәсіптік құзыреттілігін заманауи талаптарға сәйкестендіру барысында «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының білім беру бағдарламаларын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Ғылыми-әдістемелік семинарға кафедра оқытушылары, қала және облыстық мектептерінің әлеуметтік педагогтар мен дефектологтары қатысты. Қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Кафедра абжмдо
05.02.2020
