Сөздәйектер галереясы
Ғалыммен жақын болсаң, қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер.
Халық даналығы
Оқытушылар мен қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті
15-16 қаңтарда «Сергектік және денсаулық» спартакиадасы аясында университет оқытушылары мен қызметкерлері арасында волейболдан жарыс өтті. Турнирге төрт факультет және әкімшілік-басқару құрамы өз командаларын ұсынды.
Қарқынды спорттық шайқастардың нәтижесінде ПФ күтілгендей бірінші орынды жеңіп алды. ТЭжҚ факультеті оқытушылары екінші болды, ал үшінші орынға әкімшілік- басқару құрамы лайықты деп танылды.
Айта кетсек, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерінің арасындағы спартакиада биыл спорттың 12 түрі өткізіледі. Бұл біздің алдымызда әлі де көптеген қызықты жарыстар бар екенін білдіреді.
16.01.2020