"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Адамдар қалай сөйлеуді үйренеді, ал ең басты ғылым - қалай және қашан үндемеуді білу

Лев Николаевич Толстой

«Үнді және қазақ халық дәстүрлері: мәдениеттер үнқатысуы»

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да 2019 жылдың 25 қарашасында Үнді мәдениеті күндері аясында университет студенттерінің қатысуымен ағылшын тілінде «Үнді және қазақ халық дәстүрлері: мәдениеттер үнқатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Студенттер еркін түрде өздерінің дайындаған презентацияларында көрініс беретін үнді және қазақ мәдениетіндегі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарымен таныстырды. Оның ішінде: күйеу жігіт пен қалыңдықты таңдау дәстүрі, үйлену тойларының өтуі, баланың дүниеге келуімен байланысты дәстүрлер, сәбиге есімнің берілуі, қонақжайлылық және бата беру дәстүрлері туралы ақпараттар ұсынды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар үнді және қазақ халықтарының дәстүрлі мәдениетінде көп ұқсастықтарды атап өтті, ұйымдастырушыларға достас халықтардың мәдениетімен танысуға және ағылшын тілінің тәжірибесін жетілдіруге мүмкіндік бергені үшін ризашылықтарын білдірді.

26.11.2019
ДИО ОПиИК