Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренгенде ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек... Дүниенің ғалымын білмей қалмақтық – бір үлкен зарарлы надандық.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері спорттық жарыстарда биік шыңдарды бағындырып жүр!
ТЭЖҚ факультетінің «Құқықтану» мамандығының студенті Томирис Иманбаева, жеке біріншілікте көпсайыста полиатлоннан спорт шебері, жабық кешендегі ҚР Кубогының жеңімпазы атанды. Жарыс Қарағанды қаласында 5-10 қараша күндері өтті. Олардың бағдарламасына қысқа және ұзақ қашықтыққа жүгіру, ату және жүзу кірді. Томирис Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғады, ал командалық есепте ол 3-орынға ие болып, чемпионаттың жеңімпазы атанды.
Томирис бірнеше рет әлемдік және республикалық полиатлон жарыстарында түрлі аталымдардан медальдарға ие болды. Қазір спортшы Александр Наумовтың басшылығымен белсенді жаттығып, Қазақстан Чемпионаты мен Әлем кубогында өнер көрсетуге дайындалып жатыр.