Сөздәйектер галереясы
Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.
Әл-Фараби
Университет қабырғасында волейболдан жарыс өтті
М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-да студенттері мен магистранттары арасында «Туған жер» бағдарламасы аясында волейболдан спартакиада жарысы өтті. Жарысқа универдің факультеттерінің құрама командалары мен ТЖӘИ қатысты.
Үш күн бойы волейболшылар спорт алаңында бар күштерін жұмсап, жеңіске ұмтылды. Турнирге 60-тан астам ойыншы қатысты. Нәтижесінде бірінші орынға ПФ ие болды, екінші орынға ТЭЖҚ факультеті, ал үшінші орынды АФ иеленді. Жарыс «Сұнқар» спорт клубының ұйымдастырумен өткізілді.
28.10.2019