"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім.

Мұхтар Әуезов

«ҚХА форумы Жастар Синергиясы» аймақтық іріктеуге қатысу өтті

22 қазанда М.Қозыбаев атындағы  СҚМУ-да студенттері  Жастар жылы аясында Қазақстан жастары Конгрессі ұйымдастырған «Форум ҚХА Жастар Синергиясы» республикалық жобасының облыстық кезеңіне қатысты.

«Форум ҚХА Жастар Синергиясы»- Қазақстанның қазіргі стартап-жобалар, бағдарламалау, веб-дизайн, киберқауіпсіздік, smart-технологиялар және сайт/мобильдік қосымшалар құрастыруға қызығушылық танытатын басқа да жастарды IT-саланың қыр-сырына үйрететін ерекше жоба. «Форум ҚХА Жастар Синергиясы» жобасының мақсаты- Қазақстандық жас IT-мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру, IT-салаға қызығатын жастарды қолдап, ең үздік IT-жобалардың жүзеге асуына грант бөлу болып табылады.

«Форум ҚХА Жастар Синергиясы» жобасы 3 айға созылады әрі Қазақстанның бүкіл 17 аймағын қамтитын болады. Аймақтық IT-жобалар аллеясы нәтижесінде үздік 80 жоба таңдалынып, жоба иегерлері Нұр-сұлтан қаласында өтетін «Форум ҚХА Жастар Синергиясы» Республикалық форумына жолдау алады. Форум нәтижесінде жеңімпаздар өз жобасын жүзеге асыру үшін грант ұтып алады: I орын − 1 000 000 теңге; за II орын – 700 000 теңге; за III орын – 500 000 теңге көлемінде.

Қатысушыларға арналған тренинг онлайн режимінде өтеді, онда теориялық біліммен қатар, инвесторларды іздеуде, сайттарды теруде және т.б. практикалық дағдылар дамытылады.

Біздің университеттегі аймақтық іріктеу кезеңінде СҚО-дан 15-тен астам жоба байқауға қатысуға өтінім берді. Іс-шара аясында жоба жетекшісі, веб-дизайнер  Әждар Дәулет «Стартап жобаларына прототиптеу» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Сарапшылардың пікірінше, ең қызықтысы- Helth медициналық көмек жобалары- мобильді қосымша- орта мектеп оқушысы Рамиль Валиевтің медициналық қызметкерлеріне және Жәмиля Тұяқбайқызының онлайн-репетитор, Алтын Шаяхметова және Еркежан Суралинаның жұмыс биржасы, сондай-ақ,  Антон Коркиннің «Қазіргі заманғы музыка саласындағы жаңалықтар сайты» жұмыстары көпшіліктің қызығушылықтарын оятты.

23.10.2019