Сөздәйектер галереясы
Білімді болу деген - жаңалық ашуға қабілетті болу.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ТОП-10 ҚР үздік ЖОО-лар қатарына енді
Бүгін 2019 жылғы мамандарды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша ҚР ЖОО-ның талап етуінің ұлттық рейтингісінің қорытындысы белгілі болды.
Мұндай зерттеуді Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 2014 жылдан бастап жүргізеді. Биыл ұлттық рейтингке 59 ЖОО, оның ішінде 8 Ұлттық, 21 Мемлекеттік,10 Акционерлік және 20 жеке меншік кірді.
Бағалау 5 көрсеткіш бойынша жүргізілді:
- Институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы мәліметтер.
- Түлектерді жұмысқа орналастыру және еңбек нарығында сұранысқа ие болу.
- Талантты студенттер, оқытушылар мен зерттеушілердің жоғары шоғырлануы.
- Білім беруді интернационалдандыру.
- Мамандық оқытушылары, магистранттары мен докторанттарының ғылыми-жарияланымдық белсенділігі.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ топ-20 бас рейтингісінде 10-шы орынға ие. Өткен жылмен салыстырғанда жоғарғы оқу орны үш орынға көтерілді.
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-дан 2019 жылы үздік үштікке келесі білім беру бағдарламалары енді:
- 6D075100 Информатика, есептеу техникасы және басқару – 1 место
- 5М071600 Аспап жасау – 1 место
- 5В060900 География – 3 место
- 5В080100 Агрономия – 3 место
- 5В010100 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 3 место
- 5В071200 Машина жасау – 3 место
- 5В071600 Аспап жасау – 3 место
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандарын даярлау бағыттары бойынша институционалдық (бас) рейтингісінде "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" санатында 7 орынды иеленген (2018 жылы - 10 орын).