Сөздәйектер галереясы
Оқу-білімсіз өнер де жоқ, ақын болу үшін де, болмаса басқа түрлі өнерпаз болу үшін де, ең алдымен білім керек.
Ғабит Мүсірепов
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ алғашқы көктемгі сенбілік
М. Қозыбаев атындағы СҚМУ ұжымы сөзбе-сөз емес, іс жүзінде студенттік қалашықтың тазалығын қолдайды. Университет кампусын былтырғы жапырақтар мен қоқыстардан тазарту үшін 2019 жылдың 4 мамыр күні ЖОО басшылығы, оқытушылар, қызметкерлер мен білім алушылар шықты.
Оқу ордамыздың алаңдарын жинауға ректордан студентке дейін ниет білдірді. Әр факультет өз корпусын, сондай-ақ бассейн, обсерватория, денсаулық сақтау пункті мен М. Жұмабаев гүлзары маңын қоқыстан тазартты. Көктемгі ауа райы барша жиналғандарға тамаша көңіл-күймен абаттандыру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік берді.
Таза сенбілікке барлығы 2000 адам ат салысты.
04.05.2019