"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Білім - бұл адам оны алу үшін қандай да бір құнын иеленбеуі мүмкін

Леонард Луис Левинсон

Жүзуден жарыс өтті

2019 жылдың сәуірдің 25-26-ы күндері университетіміздің бассейнінде жүзуден жарыс өтті. Жыл сайынғы додада оқу ордамыздың 50-ден астам студенттері бақталасты. Бәсеке 3 айналымнан тұрды. 50 м қашықтықты спортшылар «кроль», «брас», эстафеталық жарыс түрінде бағындырды. Жарысқа 10 адамнан құралған 6 команда ат салысты. Суда жүзуден бақсынаушылардың арасында жігіттермен қатар, нәзікжандылар да бар.

Айта кету керек, сайысты «Сұңқар» спорт клубы ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты - спортпен жаппай айналысуға шақыру, халықты салауатты өмір салтына бейімдеу, жүзуді ұнататын адамдардың спорттық шеберліктерін жетілдіру.

Сайыстың нәтижесінде; жарыстың жеңімпаздары болып ИСТФ құрамасы атанды. 2-орынға ТжӘИ жүзушілері ие болды. Ал 3-орынға ПФ командасы табан тіреді.

28.04.2019