Сөздәйектер галереясы
Адамдар қалай сөйлеуді үйренеді, ал ең басты ғылым - қалай және қашан үндемеуді білу
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша олимпиада өтті
2019 жылдың 29-шы наурызында М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да «Өзін-өзі тану» пәні бойынша колледж және мектеп білім алушылары мен университетіміздің «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының оқушылар және студенттер арасында олимпиада өтті. Бақталасты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы ұйымдастырды.
Олимпиада екі кезеңнен тұрды. Алғашқысында қатысушылар сырттай тапсырма, үй жұмысын орындады. Оларға 3 тақырып беріліп, солардың біреуін таңдап, эссе жазған болатын. Ал екінші кезең екі айналымнан құрылды. Біріншісінде – қатысушылар теориялық тест тапсырмаларын орындады, ал келесіде олар «Қызмет ету қуанышы» тақырыбында жобаларын қорғады.
Нәтижесінде:
I-орын:
- Мөлдір Семей, «Благовещенка жалпы орта білім беру мектебі» КММ (Жамбыл ауданы)
- Тәуекел Ахметжан, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж
II-орын:
- Гүлім Қайырбай , «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ
- Аяулым Нүсербай, Елдана Ерсайнова, «Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектеп»
III-орын:
- Риза Баязитова, «С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия» КММ
- Мерей Қстаубаева, №42 орта мектеп
- Наталья Халина, « Әл-Фараби атындағы мектеп-лицей»
Аталмыш олимпиаданың мақсаты - құндылық бағдарларын қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, шығармашылық потенциалын дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге ұмтылуды ынталандыру болып табылады.