Сөздәйектер галереясы
Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиісті емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс.
Ы.Алтынсарин
СҚМУ оқытушылары -полиатлон бойынша республикалық турнирдің жеңімпаздары
2019 жылдың 8-12 наурыз аралығында Көкшетау қаласында Қысқы Президенттік көпсайыстан (полиатлон) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл жарысқа М. Қозыбаев атындағы СҚМУ Педагогикалық факультеттің оқытушылары қатысты. Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша 24-34 жас аралығында ҚР спорт шебері Ольга Вернер чемпион атанды. Ал 50-59 жас ерекшелігінде ҚР спорт шебері Александр Наумов жеңіске жетті.
15.03.2019