Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де тоғызқұмалақтан жарыс өтті

2018 жылдың 18-19 қазан күндері  «Сұнқар» спорт клубы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында СҚМУ студенттері мен магистранттары арасында тоғызқұмалақтан  олимпиадалық жарыс ұйымдастырды. Зияткерлік жарыстарға 5 команда қатысты. Тарих, экономика және құқық факультеттерінен 2 жігіт  және 2 қыз; инженерлік және сандық технологиялар факультеті; агротехнологиялық, сондай-ақ Тіл және әдебиет институты және Медицина жоғары мектебінің факультеттерінің студенттері қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей болды:

1– АФ (Өмірәлі Ақарыс, ЛРЛ-18-к, Саидханов Нұралхан, ЛРЛ-18-к,  Қазыбай Кенжегүл, ЛРЛ-18-к, Сүйеубай Назерке, ТПП-18-к);

2– ФИЭП (Какимов Жанат, Ю-18, Алтамышев Ерғали, Фс-18, Нұртазина Алина, Ж-18к, Жұмағалиева Алина Ю-18-к);

3– ВШМ (Алибек Малика, ОМ-18-к, Токкожина Әсел, ОМ-18-к, Артықбай Ерсұлтан, ОМ-18-к, Наширов Жақсыбек, ОМ-18-к).

Жарыстың жеңімпаздары  Қазақстанның Жазғы Универсиадасында біздің университеттің атынан бақтарын сынайды.

23.10.2018