Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-да өзін-өзі тану пәні бойынша облыстық олимпиада өтті

Университет қабырғасында «Педагогика және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен өзін-өзі тану пәні бойынша облыстық олимпиада өтті. Сайысқа өңір мектептерінің 5-11 сынып оқушылар қатысты.

Өзін-өзі тану пәніне қызуғышылық танытып, мектепшілік турда жүзден жүйрік атанған өңіріміздің 5 білім ошағынан 50-ге тарта оқушы олимпиадаға қатысуға ниет білдірді. Жалпы олимпиада екі кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде білім алушылардың құндылық категорияларын анықтау мақсатында олардың теориялық білімдері сарапқа салынды. Екінші кезеңде қатысушылар «Жақсылық ­­жан шуағы» тақырыбындағы презентацияларын ұсынған болатын.

Сайыстың мақсаты білім алушыларды зерттеушілік пен әлеуметтік маңызды іс-әрекетке ұмтылдыра отырып, әлемге дұрыс көзқарасты шығармашылық түрде көрсете, біліктерін дамыту.

Екі сайыс көрсеткіші бойынша жоғарғы ұпай жинаған қатысушылар марапатталды.

29.03.2018