Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
Республикалық Work Shop STI
2017 жылғы қазанның 26-сы «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенттері «Бастапқы және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Н.Т. Уалиевамен бірге химия-биология бағытындағы Петропавл қаласының Назарбаев зияткерлік мектебінде ұйымдастырылған «Бастапқы білім берудегі оқу үрдісін жоспарлауда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында Республикалық Work Shop STI іс-шарасына қатысты.
Іс шарада студенттер жаңартылған мазмұндағы білім беру жағдайында оқу үрдісін жоспарлаудың жаңа тәсілдері, бастауыш сыныптардағы сабақтарда нәтижелі әдіс-тәсілдер мен стратегиялар, формативті және суммативті бағалау әдісітері туралы ақпарат алды. Белсенді қатысқандары үшін оларға растаушы сертификаттар берілді.
Кафедра ТМНДО
