Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
2016 жылғы ғылым саласындағы сыйлықақы алуға байқау
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі 2016 жылдың:
1. Ғылым саласындағы жыл сайынғы сыйлықақыларын:
- жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Қ.И. Сәтбаев атындағы бір сыйлықақысын;
- гуманитарлық ғылымдары саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін Ш.Ш. Уәлиханов атындағы бір сыйлықақысын;
- педагогика саласындағы үздік ғылыми зерттеу және жұмыс үшін Ы. Алтынсарин атындағы бір сыйлықақысын;
- түркітану саласындағы көрнекті жетістіктер үшін Күлтегін атындағы бір сыйлықақысын;
- жас ғалымдарға жаратылыстану ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін Д.А. Қонаев атындағы бір сыйлықақысын;
- жас ғалымдарға гуманитарлық ғылымдары саласындағы үздік жұмыстары үшін М.О. Әуезов атындағы бір сыйлықақысын;
2. 75 мемелекеттік ғылыми шәкіртақыларын, соның ішінде 35 жасқа дейін немесе 35 жастағы дарынды жас ғалымдарға 50 мемелекеттік ғылыми шәкіртақыларын алу үшін байқаулар жариялайды.
Конкурстық құжаттама ҚР БҒМ Ғылым комитеті сайтында (http://sc.edu.gov.kz) «Сыйлықақылар және шәкіртақылар» тарауында. Авторлар немесе олардың сенім жүктелген тұлғаларынан байқауға материалдар республикалық баспасында хабарландырудың шығу сәтінен бастап 30 күнтізбелік күн аралығында (2016 жылдың 14 қыркүйегінен) келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 010000, Астана қ., Орынбор көшесі, 8, Министірліктер үйі, 1045 каб., тел. 74-20-29, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министірлігінің Ғылым комитеті.
Департамент науки
