"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ғылымды үйренем деген адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек-мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіп-құмарлыққа ұқсас әрекет онда болмасқа керек.

Әл-Фараби

ТжӘИ-дің "Таза сессия" акциясы

Тіл және әдебиет институтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске бағытталған "Таза сессия" акциясы өтті, атап айтқанда студенттерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы нормативтік-құқықтық база туралы хабардар етті. ТжӘИ бітіруші кафедралардың оқу топтарының эдвайзерлері мен тәлімгерлері студенттермен тақырыптық кураторлық сағаттар, әңгімелесулер өткізді. Студенттерге сыбайлас жемқорлық түсінігі, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың салдары мен шаралары, алдын алу жұмыстары түсіндірілді. Өткізілген іс-шаралардың мақсаты студенттердің құқықтық санасын және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу көріністеріне төзбеушілік, жастардың құқықтық сауаттылығын дамыту болып табылады. ТжӘИ студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы плакаттарды ресімдеп, № 3 оқу корпусының қабырғаларына ілді.

14.01.2014