"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Нақты ғылымдардың ұдайы жасарып-жаңғырып тұруының құпиясы - олардың қашанда ой жаңартуға әзір тұратындығында жатса керек.

Олжас Сүлейменов

ҚХА ұлттық медиа форумына журналистика және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының оқытушысы қатысты.

Бүгін, яғни 2025 жылғы 15 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Цифрлық медиакеңістіктегі этножурналистика: үрдістері мен даму бағыттары» атты Медиафорум өтті.

Аталмыш шараға СҚО ҚХА журналистер клубының төрағасы Павел Притолюк пен "Қоғамдық келісім" КММ қоғаммен байланыс, БАҚ бөлімінің басшысы Сәлімхан Сәбитов қатысты.

Медиафорумның мақсаты ақпараттық - медиа саласында жұмыс істейтін мамандардың этномәдени коммуникациялар, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту, этносаясат, медиасауаттылық пен этносаралық өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін талқылау.
Кафедра жжәғ
20.10.2025