"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Жақсы ұстазға қандай қасиеттер тілеуге тиіспіз? Өзінің оқытатын пәнін терең білуді, адал да сезімтал жан дүниесі болуын...

Д.Дидро

Шабытқа толы 75 жыл

Білім ордамыздың профессоры, көрнекті ғалымы, ойшыл Александр Владимирович Никифоров 75 жасқа толды. ҚР ҚҒА корреспондент-мүшесі болып, саналы ғұмырын ғылымға, білімге, қоғамның рухани мәдениетін дамытуға арнады.

Мерейтой иесін өзге де ғалымдар, әріптестері, достары мен шәкірттері айтулы күнмен құттықтап, ыстық ықыластарын білдірді. ҚР ҒЖБ министрі Саясат Нұрбек, СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және университет басшылығы құттықтауларын жолдады.

Александр Владимирович ҚР ҒЖБМ «Еңбек ардагері» медалімен және ҚХА «Алғыс» төсбелгісімен марапатталды.

Салтанатты басқосуда өскелең жастар үшін өресі биік тұлға Александар Никифоровтың өмірі мен шығармашылығы кеңінен баяндалды. Жастайынан білімге деген ізденісі, оны философия әлеміне алып келді. Профессор Никифоровтың негізгі жұмысы қазіргі қоғамдағы діннің рөлі, конфессияаралық диалог мәселелері мен мәдениеттер бірлігін зерттеуге арналады.

Александр Владимировичтің жүрегінде педагогика ерекше орын алды. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы ол өз білімін студенттермен бөлісіп, оларды терең ойлауға, ізденімпаз болуға шақырады.

Бүгінгі күні Александр Владимирович Никифоровтың өзі 50 жылдан астам қызмет еткен Қозыбаев университетінің дамуына қосқан үлесін бағаламау мүмкін емес. Ол университеттің интеллектуалдық және рухани өмірінің ажырамас бөлігіне айналды — дана тәлімгер, беделді педагог.

Осы күні мерейтой иесіне ҚХА, ҚР ҒЖБМ философия, саясаттану және дінтану институты (Алматы қ.), Діндерді зерттеу орталығы (Астана қ.), «QAMQOR ASTANA» ҚҚ (Астана қ.),  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінен (Алматы қ.), СҚО ІСБ «Қоғамдық келісім», СҚО Дін істері басқармасы және облыстық Ардагерлер кеңесінен құттықтаулар жолданды.

Александр Владимирович! Біз сізді, мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Әр күн сізге қуаныш әкелсін. Даналығыңызға, қажырлы еңбегіңізге және адалдығыңызға рахмет. Айналаңыз әрқашан махаббатқа, құрметке, алғысқа толы болсын!

15.10.2025