Қозыбаев университеті «Сапаны қамтамасыз етудің жаһандық сын-қатерлері және желілік шешімдердің күші» атты халықаралық вебинарға қосылды. Іс-шараны ASIIN озық тәжірибе университеттерінің жаһандық желісі ұйымдастырды. Оған ASIIN беделді неміс агенттігінің аккредитациясынан өткен әлемдік жоғары оқу орындары кіреді, бұл білім беру сапасының жоғары деңгейін көрсетеді.
Айта кетейік, біздің ЖОО-да инженерлік және IT бағыттағы 6 білім беру бағдарламасы ASIIN аккредитациясын алды.Халықаралық вебинардың спикерлері ASIIN Директорлар Кеңесінің Президенті Клаус Кройулич, Мюнхен қолданбалы ғылымдар университетінің вице - президенті, профессор, доктор Мартина Циммерманн болды. Олар дуальды білім беру мен ғылыми деректерді заманауи басқару бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Германияда студенттердің шамамен 4% - ы дуальды бағдарламаларда оқиды, ал олардың барлық білім беру бағдарламаларындағы үлесі шамамен 9% құрайды. Сонымен қатар, дуальды білім берудің сапасы университеттер мен серіктес ұйымдарға да байланысты: олар оқытудың жоғары стандартын қамтамасыз етуі керек. Сондықтан мұндай ұйымдарға қойылатын нақты талаптарды алдын-ала анықтау өте маңызды.
Ғылыми мәліметтермен жұмыс істеуге ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда бұл ғылымды дамытудың кілті: деректерді сақтау мен бөлісудің сенімді жүйелерін құру арқылы зерттеулерді қайталанатын және халықаралық ынтымақтастыққа ашық етуге көмектеседі.Біздің ЖОО осындай кездесулерге қатысу арқылы тәжірибе алмасуға, әлемдік сарапшылардан үйренуге және университеттің жаһандық білім беру кеңістігіндегі орнын нығайтуға көмектеседі