Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Білім беру серіктестігі: Huawei Roadshow шарасын өткізді

Қозыбаев университетінде Huawei Technologies Kazakhstan компаниясы ұйымдастырған Huawei ICT Competition 2025-2026 Roadshow ауқымды білім беру іс-шарасы өтті. Кездесу барысында компанияның таланттар экожүйесін дамыту жөніндегі менеджері Сымбат Советхалықова студенттерге Huawei-дің жаһандық білім беру бастамалары мен Қазақстандағы қызметі туралы ақпарат ұсынды.

Басқа елдердің балаларымен қатар еліміздің студенттері де қатыса алатын Huawei ICT Competition 2025-2026 халықаралық байқауына ерекше назар аударылды. Ол білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы дағдыларын дамытуға және network, Computing және Cloud track бағыттарын қамтиды.Студенттер Huawei бастамаларына белсенді қызығушылық танытты. Ақпараттық сессиялардан басқа, байқау аясында жүлделер мен сыйлықтар ұтыс ойындары ұйымдастырылды.

Айтып өткен жөн, 2024 жылдан бастап біздің университетте Huawei академиясы жұмыс істейді. Ол студенттерге сапалы білім беру ресурстарына, практикалық тапсырмаларға және сертификаттау мүмкіндіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өткен оқу жылында жоғары оқу орны Академиясының барлық студенттері AI-Sana жобасы аясында Huawei Talented платформасында жасанды интеллект бойынша курстардан 100% табысты өтті. Бұл көрсеткіш олардың цифрлық технологиялар саласындағы құзыреттерін қалыптастырудағы маңызды қадам болды.

03.10.2025