Талапкерлерге Білім алушыларға Оқытушыларға Кафедра меңгерушілеріне Декандарға Электронды ректорат Documentolog Қаз Рус Eng
"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген

Құрметті ардагерлер мен әріптестер мерекелеріңізбен!

Университетіміз екі атаулы мерекені ҚР Жоғары білім беру қызметкерлері күні мен Халықаралық қарттар күнін атап өтті. Оқытушылар студенттерді  жауапкершілікке, шешім қабылдауға,  қамқорлыққа үйретеді. Қазіргі таңда жоғары оқу орнымызда 110 зейнеткер, 400-ге жуық ПОҚ еңбек етеді. Мерекелік шараның құрметті ардагерлері еліміздің жоғары білім беру жүйесін құруға және дамытуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Қадірлі қонақтарға құрмет көрсетіліп, жылы құттықтаулар айтылды. 

Салтанатты шарада университеттің сапалы маман тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлері сахна төрінен көрініп, ҚР ҒЖБМ, ҚР Білім министрлігінің және СҚО әкімінің лайықты марапаттарын алды. Профессор Александр Демьяненко «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. «Тіл жанашыры» құрмет дипломын аға оқытушы Рахмет Күләйхан мен Foundation деканы Гүлбарам Хамзина алды.

Жиынға профессор-оқытушылар құрамы, университет қызметкерлері мен  білім алушылар қатысты.  Мерекелік шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
Еңбектеріңіз әрқашан бағаланып, алғысқа толы болсын. Шәкірттеріңіз биік асуларды бағындырсын. Игі істеріңіз жаңа табыстар әкелсін.Адал әрі әділ еңбектеріңіз үшін рахмет!

01.10.2025