Университет өмірінің ерекше дәстүрлерінің бірі- студенттік ұйымдар жәрмеңкесі. Мұнда білім алушылар түрлі ұйымдар мен кеңестердің жұмысымен танысып, өзіне жақын ортаға қосылып, қызықты жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ұйым мүшелері студенттік өмір табалдырығын енді аттаған ізбасарларына өздерінің жоспарларымен бөлісіп, өткен оқу жылдарында қол жеткізген жетістіктерін паш етті. 15 ұйым-клубтары жаңа қатысушыларды қатарларына шақырды.
Өзіңді дамытуға, көшбасшылық қабілеттеріңді шыңдауға және белсенді ортада жаңа тәжірибе жинақтауға жол ашатын ұйымды таңдай аласын:
Оқу ордамызда спорт секциялары, ғылыми-зерттеу қоғамдары, студенттік телестудия, волонтерлік ұйымдар, ағылшын тілі клубы және т.б. клубтар бар. Студенттік бірлестіктер әуезді ән мен қойылымдар ұсынып, бірінші курс студенттеріне ұмытылмас кеш сыйлады!