Бүгін ұстаз, тәлімгер Виктор Константинович Тулаев мерейтойын атап өтті! Мерейтой иесін құттықтауға университет басшылығы, Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, СҚО туризм қауымдастығы, СҚУ ардагерлер кеңесі, түлектер, әріптестер және студенттер жиналды.
Салтанатты шара барысында Виктор Константиновичке «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісі, ҚР ҒЖБ министрінің, ҚР Туризм және спорт министрінің, СҚО әкімінің құттықтау лебіздері жолданды.
«Сіздің күш-жігеріңіз білім алушылар мен оқу ордамыздың ұжымын ылғи шабыттандырады. Виктор Константинович футбол алаңын салуды ұсынды. Енді ол жабық ангар салуды ұсынып отыр. Алдағы уақытта осы міндеттерді бірге іске асырамыз деп сенемін. Виктор Константиновичтың есімі Қозыбаев университетінің тарихымен тығыз байланысты. Мыңдаған талантты спортшылар мен шәкірттерді дайындады. Сізге тек мықты денсаулық тілейміз»,-деп ректор Ербол Исақаев құттықтады.
Виктор Константинович – дене шынықтыру және спорт ардагері, оқытушы, доцент, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері. Ол 1940 жылы Киевте дүниеге келген. Ал 1962 жылы Алматы қаласындағы Дене шынықтыру институтын «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша бітірген. Кейін Петропавл педагогикалық институтына жұмысқа орналасып, ұстаздық қызметін бастады.
В.К. Тулаев 60 жыл бойы шәкірттерді дайындап келеді. Дене шынықтыру теориясы кафедрасын басқарып, дене шынықтыру факультетінің деканы қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен көптеген ғылыми және әдістемелік жұмыстар жазылды, 50-ден астам ғылыми мақалалар, соның ішінде халықаралық рецензияланған журналдарда мақалалар жарияланды. Ол студенттердің дипломдық және ғылыми жобаларына белсенді жетекшілік етеді.
Виктор Тулаев студенттерді көркем гимнастикадан жаттықтырады. Ол жыл сайын Қозыбаев университетінде өтетін гимнастикалық шоу шарасын ұйымдастырады. Осы мерекелік іс-шарада көркем гимнастика, акробатикалық гимнастика бойынша қаламыздың би ұжымдары өнерлерін көрсетті. Бүгінде Виктор Константинович Тулаев кәсіби шеберлігі жоғары, сабақтары әдістемелік жағынан мазмұнды, әрі сапалы өткізетін тәжірибелі ұстаз ретінде танымал. Күш-қуатыңыз сарқылмасын!