Пәкістандағы Каид-и-Азам университетінің ғалымдары Қозыбаев университетінде семинар-практикум өткізді. Профессорлар Рифат Насим Малик пен Шуджол Мулк Хан әріптестеріне халықаралық ғылыми журналдарда мақаланы жобалау, жазу және жариялау туралы құнды ұсыныстармен бөлісті.
Осы салада үлкен тәжірибеге ие бола отырып, олар IMRAD халықаралық стандарттары, мақаланың тақырыбы, аннотация , кілт сөздер туралы айтып, дизайнын, стилін және авторлардың жиі жіберетін қателіктерін талдады. Плагиатты алдын алуға, сондай-ақ Scopus журналын таңдау критерийлеріне назар аударылды. Сәтті басылымдардың мысалдары келтірілді.
Шетелдік профессор Рифат Насим Малик PCST (Пәкістан) бойынша экологиялық ғылымдар саласында 1-ші орын алған, ең белсенді ғалымдардың бірі. Ол Stanford/ Elsevier List 2021-2024 бойынша әлемдегі ең үздік ғалымдардың 2% кіреді. Каид-и-Азам университетінің өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессоры, биолог Шуджол Мулк Ханның халықаралық ғылыми журналдарда жариялау тәжірибесі мол.Семинарға біздің ЖОО-ның ғалымдары, педагогтары және докторанттары қатысты