ЖОО-да Қазақстан Республикасының Отбасы күніне орай 1 курс студенттеріне арналған іс-шара өтті. Балалар университеттің психологиялық қызметінің жұмысымен танысты. Анонимді қағидаттарға негізделген жеке кеңес беру мүмкіндіктері туралы хабарланды.
Сондай-ақ, қазан айынан бастап жұмысын жалғастыратын студенттердің психологиялық клубы туралы мағұлмат берілді. Мұнда фильмдер қарап, бірлескен экскурсиялар жасап, түрлі ойындар мен басқа да іс-шаралар барысында, білікті мамандар, балаларды қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, ұжымда өзара қарым-қатынас құруға және психологиялық денсаулығын нығайтуға үйретеді.Студенттер алдында СҚО жастар денсаулық орталығының мамандары сөз сөйледі.
Оның жетекшісі, дәрігер-терапевт Айымгүл Қанашева медициналық мекеменің жұмыс бағыттары мен 10-28 жас аралығындағы жастар тегін әрі анонимді түрде алатын қызметтер туралы айтып берді. Дәрігер-педиатр Гүлнұр Бекебаева кездесуге қатысушыларға жастардың репродуктивті денсаулығы мәселелеріне тоқталып, оны сақтау мен қолдаудың негізгі тәсілдерін атап өтті. Кездесуге барлығы 500-ден астам бірінші курс студенттері қатысты