Сөздәйектер галереясы
Ұстаз талантты болса, Шәкірті талапты болады.
Халық даналығы
Аризона университетінен стратегиялық серіктестердің сапары
Бүгін университетімізге стратегиялық серіктестеріміз - Аризона университетінің делегациясы келді. Олар қаламыздың нағыз брендіне айналған, жаңа ОЗК-да заманауи Blackberry эспрессо-барының ашылу салтанатына қатысты. Енді Қозыбаев университетінің кампусында танымал кофеханалар желісі де ашылды.
Сонымен қатар, қонақтарымыз университет басшылығымен, қос дипломдық бағдарламалардың студенттерімен және оқытушылар құрамымен бірқатар кездесулер өткізді. Олар ғылыми конференция мен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысына да қатысты. Аризона университетінің өкілдері апта бойы университетте жұмыс істейді.
09.09.2025
