"Манаш Қозыбаев атындағы
Солтүстік Қазақстан университеті"
коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Үлкейтілген
Сөздәйектер галереясы

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

Халық даналығы

ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай оқытушылар мен қызметкерлер марапатталды

Бүгін Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай ПО құрамы мен қызметкерлерге марапаттар табыс етілді. Қазақ тілінің мәртебесін арттырудағы шығармашылық еңбегі және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты нығайту мен дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталды:

1) «География және экология» кафедрасының құрметті профессоры (доценті) Тайжанова Мукарам Мурзатқызы;

2) Плешаков Анатолий Андреевич – «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының құрметті профессоры (доценті)

Университетіміздің арнайы марапаты «Академик Манаш Қозыбаев» медалімен:

1. СҚО Құрметті азаматы – Қалиев Құдайберген Қалиұлы.

2. СҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы, СҚО Құрметті азаматы – Елеусізов Ескендір Есмақұлы.

3. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі – Тәжин Жангелді Вақпанұлы

4. Arizona International, Орталық және Оңтүстік Азия бойынша аға директор – Рики Салазар

Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілдерді дамытуды жақсартуға белсене қатысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:

1) Темірханова Әсемгүл Серікқызы– Ғылыми кеңестің ғылыми хатшысы;

2) Қожабекова Ботагөз Сапарқызы, М.Қозыбаев атындағы СҚУ тарихи мұражайының директоры;

3) Жазира Көкбас-«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы.

ҚР ғылым саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» тарих, экономика және құқық факультетінің деканы Қартова Зәуре Кеңесқызына берілді.

Марапатталды:

- «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының аға оқытушысы Тулешева Гүлгүл Қуатқызы ҚР ҒЖБМ «Тіл жанашыры» Құрмет дипломын иеленді.

Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының профессоры Мырзантай Жақып Қожабайұлына ҚР ҒЖБМ «Ғылым үздігі» Құрмет дипломын алды .

- Қабылдау және рекрутинг орталығының басшысы Оспанова Гүлмира Жабайқызы ҚР ҒЖБМ «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломына ие болды.

15 ұстаздар мен қызметкерлер ҚР ҒЖБМ Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі, қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін және ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай СҚО әкімінің Құрмет грамоталарымен:

1) Молдахметов Саят Сайранұлы, «Энергетика және радиоэлектроника» кафедрасының доценті;

2) Афанасьев Павел Васильевич, «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының аға оқытушысы.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін СҚО әкімінің Алғыс хаттары:

1) Валиева Майра Мұхаметғалиқызы, Академиялық қызмет департаментінің директоры;

2) Данияров Асаджан Ғалижанұлы, Әкімшілік департаментінің директоры;

3) Шевердина Жанна Николаевна, 2 оқу ғимаратының күзетшісі.

Жиырма үш қызметкер мен профессорлық-оқытушылар құрамы Қозыбаев университетінің Басқарма Төрағасы-Ректорының алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталды. Құттықтаймыз!

09.09.2025