Сөздәйектер галереясы
Педагог - жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам.
Қозыбаев университетінің ұжымы ҚР Президентінің Жолдауымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Бағдарламалық құжаттың негізгі тақырыбы жасанды интеллектті дамыту және экономика мен қоғамның цифрлық трансформациясына арналды.
Қозыбаев университетінде- аймақтағы жалғыз ЖОО ретінде, ауқымда цифрлық даму міндеттерін шешетін Жасанды интеллект орталығы құрылу қажет. Біз қазірдің өзінде жоғары білікті IT мамандарын, соның ішінде Аризона университетімен (АҚШ) қос дипломдық бағдарламалар арқылы дайындап жатырмыз.
Мемлекет басшысы адами капиталға және еңбек нарығының өзгеруіне ерекше назар аударды. Бұл бағыттағы ауқымды бастама: студенттерге жаңа мүмкіндіктер беретін «AI-Sana» бағдарламасы болды. Қозыбаев университетіндегі 6000 студенттің барлығы жасанды интеллект бойынша курстарды бітіріп, сертификаттар алды. Университетімізде студенттер желілік технологиялар, Big Data және басқа да заманауи салаларда білім алатын Huawei академиясы ашылды.
Президент ауыл шаруашылығын, цифрландырудың негізгі бағыты ретінде атады. Аймақтың агроөнеркәсіптік ерекшеліктерін ескере отырып, университет агроөнеркәсіптік кешен үшін цифрлық шешімдердің ахуалдық орталығын құруға, сондай-ақ «Ветеринария» және «Агроинженерия» мамандықтары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған. Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен бірлесе отырып, өсімдік сорттарын сынау, мал шаруашылығы, биотехнология бойынша жобалар сәтті жүзеге асырылады, Қазақстан-Қытай ауылшаруашылық ғылыми-зерттеу орталығы құрылуда.
Жолдауда су ресурстарын ұқыпты басқаруға үлкен мән берілген. Қозыбаев университеті қазірдің өзінде Аризона университетінің ғалымдарымен серіктестікте және АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен суару және ауыз судың сапасы бойынша ғылыми жобаларды жүзеге асырады. БМҚ мегагрантының шеңберінде Солтүстік Қазақстанның су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша жоғары технологиялық шешімдерді әзірлеу жұмыстары жалғасады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында еліміздің одан әрі дамуының нақты бағдарлары көрсетілген. Жоғары оқу орындары үшін бұл инновацияларды енгізуді жеделдету, болашақ мамандарды дайындау, ғылыми зерттеулерге белсенді қатысу қажеттілігін білдіреді. Қозыбаев университеті студенттерге, профессорлық-оқытушылар құрамына және бүкіл аймаққа жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, осы міндеттерді толығымен жүзеге асыруға дайын.
