Қозыбаев университеті студенттерді Халықаралық рекрутинг мәселелерімен айналысатын әзірбайжандық EASYDANISMANLIK компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Қазірдің өзінде компания Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Молдова, Малайзия, Тәжікстан, Африка және басқа елдерден студенттерді оқуға тартады.
Бүгін Қозыбаев университетінде 16 мемлекеттің балалары білім алады. Академиялық процесті интернационалдандырудыңбасым бөлігі АҚШ-тың Аризона университетімен стратегиялық серіктестік жобасына ықпал етті. Биылғы жылы АҚШ, Моңғолия және Қытайдан студенттер бірлескен қос дипломды бағдарламаларға түсті.
ҚХР солтүстік-батыс ауыл және орман шаруашылығы университетімен тығыз ынтымақтастықтың арқасында студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы белсенді дамып келеді. Осы семестрде Петропавлға оқуға 29 қытайлық студент келді. Қозыбаев университетінің магистратурасында оқу жаһандану үстінде.
Мәселен, биыл «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»бағдарламасы бойынша ЖОО-ға 42 жастағы Оңтүстік Корея азаматы түсті.
Қозыбаев университеті өңірде білім беру туризмін одан әрі дамытпақшы. Ол үшін кампус үнемі жаңартылып отырады, жаңа студенттік жатақханалар, оқу-зертханалық корпус, зерттеу орталықтары ашылды.
«Университет жаңа шетелдік студенттерді қабылдауға дайын. Біз өз тарапымыздан балалар үшін барынша қолайлы жағдай жасаймыз. Жаңа жатақханада тұруға 25% жеңілдік беруге дайынбыз»,–деді Басқарма Төрағасы-Ректор Ербол Исақаев.
EASYDANISMANLIK компаниясының директоры Мутлу Агазада Қозыбаев университетінің экономикалық бағыт бойынша докторантурасына осы семестрде Әзірбайжаннан докторант түсуге дайын екенін хабарлады. Ал келесі жылдан бастап шетелдік студенттерді іріктеу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.