Сөздәйектер галереясы
Барлық істің басшысы – білім мен ұғым.
Тарихи мұраны сақтайық
Қозыбаев университеті мен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени мұражай-қорығы РМҚК арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастық жобасының мақсаты:
- археология, тарих және мәдениет саласында бірлескен халықаралық зерттеулер жүргізу;
- тарих және мәдениет ескерткіштерін сақтау мен жаңғыртудың кешенді бағдарламаларын әзірлеу;
- көрме жобаларына қатысу;
- ғылым, техника, мәдениет және өнер мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру, көрме қызметін жетілдіру;
- ғылыми басылымдарды дайындау және басып шығару;
- түрлі саладағы мұражай мамандарын кәсіби даярлауға және тағылымдамадан өтуге жағдай жасау.
Осы жазда профессор Анатолий Плешаков бастаған бір топ тарих факультетінің студенттері Ботай қонысында қазба жұмыстарын жүргізіп, профессор-оқытушылар құрамы Ботай мәдениетінің мұрасына арналған конференцияға қатысты. Бұл үлкен жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
