Сөздәйектер галереясы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Дүние де өзі, мал да өзі, Ғылымға көңіл бөлсеңіз.
«Topical issues of teaching English as a foreign language» өңірлік семинары
16.04.2025ж. «Шет тілдері» кафедрасы, М.Қозыбаев атындағы ҚМУ, «Topical issues of teaching English as a foreign language» тақырыбында қала және облыс мектептерінің, колледждерінің мұғалімдерімен өзінің жыл сайынғы өңірлік семинарын өткізді. Кафедраның оқытушылары мен мұғалімдері заманауи талаптарды ескере отырып, шет тілін оқыту тәжірибесімен алмасты. Семинарға қатысушылар жасанды интеллектті қолданудың жаңа әдістерін көрсетіп, оқыту сапасын жақсарту үшін өз сабақтарында қолданатын жаңа қосымшалармен және сайттармен таныстырды. Семинарға қатысушылар мен қонақтар оны мазмұнды әрі қызықты, оқыту процесіне жаңа идеялар мен әдістерді енгізетін ретінде бағалайды.
