Сөздәйектер галереясы
Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.
НЗМ түлектері Қозыбаев университеті мен Аризона университетіне оқуға шақырту алды
Петропавл және Қостанай қалаларының Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектеріне Аризона Университетімен (АҚШ) бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламалары бойынша Қозыбаев университетінде оқуға шақырту берілді. Марапаттаулар оқушылардың мектеп бітіру кешінде табысталды. Балалар ақпараттық жүйелер, биотехнология және инклюзивті білім беру бағыты бойынша оқуға шақырылды.Барлық түлектердің гранттық негізде оқуға түсу мүмкіндіктері бар. Аризона университетімен қос дипломдық бағдарламалар халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапалы біліммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қазақстандық мектеп оқушылары үшін кең ауқымды академиялық және кәсіби мүмкіндіктер ашады.
Фотосуреттер Петропавл және Қостанай қ.қ. НЗМ баспасөз қызметімен ұсынылған
