2025 жылғы 22 мамырда С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада тілдік даярлық кафедрасы және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Тіл және әдебиет институтымен С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы бірлесе отырып ұйымдастырған “Отандық және әлемдік әдебиетті оқу арқылы көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру" тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференцияға Қазақстанның, Ресейдің жоғары оқу орындары мен мектептерінің оқытушылары, мұғалімдері, курсанттары мен студенттері қатысты.
Қатысушылар толеранттылықты, мәдениетаралық диалогты және жаһандық ойлауды тәрбиелеу құралы ретінде көркем әдебиеттің маңыздылығын талқылады. Оқу жастарға жеке және интеллектуалды даму үшін маңызды көптеген құндылықтар мен дағдыларды береді деген қорытындыға келді. Отандық және әлемдік әдебиеттерді оқу арқылы жастардың мәдениеттердің алуан түрлілігіне деген құрметін қалыптастыруға бағытталған ғылыми баяндамалар, педагогикалық тәжірибелер ұсынылды.